Жаңалықтар

Жариялылық — жауапкершілік кепілі

Жемқорлыққа жол жоқ!

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының ең басты принципі демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге,  халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы болып табылады.

Тұрғын үй қорын есепке алу секторы «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарға сүйене отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттен тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімін көрнекті етіп іліп қояды. Бұл тізім негізінен кезек тізімінде тұрған азаматтардың отбасы құрамы туралы, кезек тізіміне тіркелген уақыты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждығы туралы мәлімет береді. Сонымен қатар кезек тізімінде тұрған азаматтардың сұрауы бойынша ұйымдағы мамандар кезек тізімінің жылжу тәртібі туралы түсінік береді.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметтері туралы жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстардың жаппай мәлімет қорларына шығарылуы қарастырылған.

2009 жылғы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы барысында тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй заңнамасын кең ұғындыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 15 электрондық түсініктеме, баспасөз беттерінде 10-нан астам мақала жарияланды. Үш ай ішінде «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы ұйымдастырған 3 тақырыптық бағдарламаға қатыстық, 4 шолу жаңалықтарына және 2 басылымға сұхбат бердік.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарауда көптеп қателіктердің кетуі сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтың бірі болып табылады.

2009 жылғы тұрғын үй қорын есепке алу секторына барлығы 4 424 өтініш келіп түсті, оның 3 990-ы жеке тұлғалардан және 434-і заңды тұлғалардан келді, барлық өтініштер уақытында қаралып, орындалды.

Ал ағымдағы жылдың үш айында 1976 өтініш түскен, оның 1860-ы — жеке тұлғалардан және 116-сы — заңды тұлғалардан, барлығы да уақытында қаралып, жауаптары берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің өз жұмыстарын атқару кезеңінде тұрғылықты жері бойынша салық органына кіріс туралы, салық салу үшін объекті болатын жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді беруі қаржы бақылауы шарасының бірі болып табылады. Аталған салық заңнамаларына сәйкес ұйымдағы мамандардың кірісі туралы және жылжымайтын мүлік құқықтары туралы уақытында мәлімет берілді.

Сектордың көрнекті жерінде азаматтардың арыз-шағымдар және ұсыныстар журналы ілулі тұр және сенім телефоны бар – 21-31-88.

Г.АЯҒАНОВА,

Тұрғын үй қорын есепке алу

секторының  меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button